Аптап ыстық апта соңына дейін сақталады

Автор: Azattyq Rýhy

16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дерек көздерінен

Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет». Тек республиканың батыс және шығыс өңірлерінің кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

«Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл мен жел күшейеді. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде Ираннан келетін ыстық ауа массалары әсерінен  ыстық ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.