Мойынқұмда жағдайы күрт нашарлаған әйел тікұшақпен Таразға шұғыл жеткізілді

Автор: Асыл Арман

ТЖМ авиациясы Жамбыл облысында науқасты медициналық мекемеге сәтті жеткізді

Фото: istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшқыштары 1969 жылы туған әйелді тікұшақпен Мойынқұм ауылынан Тараз қаласына мамандардың бақылауымен одан әрі емдеу үшін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экипаж медицина қызметкерлерімен бірлесіп науқасты медициналық мекемеге қауіпсіз тасымалдады.

«Мамандардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында тасымалдау сәтті өтті», – делінген хабарламада.