Желіде бұл видео қызу талқыланды
Әлеуметтік желілерде Ақтаудан тараған видео қызу талқыланып жатыр. Маңғыстау облысында халықаралық деңгейдегі Мұз сарайының ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мемлекеттік рәміз бейнеленген шайбамен хоккей ойнатпай қойған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл сәт желіде жылдам тарап кетті. Қолданушылар әкімнің мұқият екенін және Ту бейнеленген шайбаны алғаш болып байқап, мұздан көтеріп алған хоккейшіні де мақтап жатыр.
Айта кетейік, оқиға Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтау қаласында халықаралық стандарттарға сай салынған жаңа мұз сарайының салтанатты ашылу рәсімінде болған.