«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы учаскелердің тізімін ұсынды
25 наурыз күні таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдардың қозғалысына өзгерістер енгізілді. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы көлік қозғалысы қайта жанданған және шектеу қойылған учаскелердің тізімін ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта келесі жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін жол ашылды:
Қарағанды облысы: «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» тас жолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін);
Павлодар облысы: Дәл осы жолдың 1135-1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).
Ауа райы мен жол жағдайына байланысты келесі бағыттарда көлік қозғалысына тыйым салынды:
Ақмола облысы: «Астана — Қарағанды — Алматы» тасжолы (Жібек жолы ақылы өту пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);
Солтүстік Қазақстан облысы: «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» (Тимирязево ауылынан облыс шекарасына дейін);
Павлодар облысы: «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» (Қалқаман жол айрығы маңында).
Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында күрделі тау жағдайына байланысты тіркемесі бар жүк көліктері үшін шектеу әлі де өз күшінде.