Тасжолдар таңға дейін жабық
Қазақстанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәлімдеді.
Шектеулер 24 наурыз күні кешке еліміздің бірнеше өңірінде енгізілген.
Ақмола облысы
Қарағанды облысы
Павлодар облысы
Ұлттық компанияның мәліметінше, жолдарды ашудың болжамды уақыты – 25 наурыз сағат 08:00.
Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылды.