24 наурызда таулы аймақтарда найзағай, тұман және қатты жел күтіледі
Алматы қаласында қолайсыз ауа райына байланысты құтқарушылар тұрғындар мен туристерге тауға баруды кейінге қалдыруға кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 наурызға арналған дауылды ескерту жарияланған. Синоптиктердің болжамына сәйкес, таулы өңірлерде жауын-шашын, найзағай және тұман күтіледі. Желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Қаланың өзінде де ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжанып отыр. Осыған байланысты құтқарушылар таулы аймақтарға серуендеуді кейінге қалдыруды ұсынды.
Сонымен қатар, елдің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы +28°C-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.