АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс: Трамп бес күндік бітім жариялады

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол әскери текетіресті уақытша тоқтатты

Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы әскери текетіресті уақытша тоқтатып, бес күндік бітім жариялады. Бұл шешім екі ел арасындағы жойқын соғыс қаупін сейілтіп, дипломатиялық келіссөздерге жол ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

АҚШ басшысы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Тегеранмен жүргізілген келіссөздердің алғашқы нәтижелері туралы хабарлады.

Келіссөз сипаты: Трамп соңғы екі күндегі кездесулерді «өте жақсы, терең әрі конструктивті» деп бағалады.

Шешім: президент АҚШ Қорғаныс министрлігіне Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына жасалатын әскери соққыны бес күнге шегеруді тапсырды.

Бұл бітімгершілік келіссөздердің сәтті аяқталуына тікелей байланысты болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жағдай өте күрделі болған еді:

1. 22 наурыз күні Дональд Трамп Иранға 48 сағаттық ультиматум қойып, Ормуз бұғазын ашуды талап етті.

2. Иран тарапы АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бүкіл инфрақұрылымын жойып жіберетінін айтып, сес көрсетті.

3. Нәтиже: Соңғы екі күндегі жабық келіссөздер екі тарапты ортақ мәмілеге жақындатқан көрінеді.