Еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Дәулет Ботагөз

Бұл қалаларда зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналады

Фото: © istockphoto.com

2026 жылғы 23 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында ауа ластанады. «Қазгидромет» мамандары қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық ауаның ластануы келесі қалаларда күтілуде: Астана; Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған; Атырау мен Ақтөбе; Қостанай мен Павлодар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай деген не?

ҚМЖ — бұл зиянды заттардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оған әлсіз жел, тұман және инверсия жатады. Мұндай жағдайда көлік түтіні мен өндіріс қалдықтары тарап кетпей, ауада шоғырланып қалады.

Мамандар ауа сапасы нашарлаған күндері келесі ережелерді сақтауға кеңес береді:

1. Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерлерде серуендеуден бас тартқан жөн.

2. Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиясы бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені абзал.