Бұл шара Наурызнама онкүндігінің маңызды күндерінің бірі
23 наурызда еліміздің барлық өңірінде «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық бастамасы аясында ауқымды экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл шара Наурызнама онкүндігінің маңызды күндерінің бірі — «Тазару күніне» орайластырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Тазару күні» — тек айналаны қоқыстан тазарту емес, сонымен қатар қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұл күн табиғатты аялаудың, туған жерге деген қамқорлықтың нышанына айналмақ.
Республика бойынша келесі бағыттарда экологиялық акциялар өткізіледі:
«Мөлдір бұлақ» және «Таза өлке»: бұлақтардың көзін ашу, елді мекендерді абаттандыру;
Су айдындарын тазарту: өзен-көл жағалаулары мен жағажай аумақтарын қоқыстан тазарту;
Ағаш отырғызу: көктемгі көгалдандыру жұмыстары аясында көшеттер егу.
Ұйымдастырушылар азаматтарды осы игі іске белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуға шақырады.