Онда атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2026 жылғы 22 наурызда Қазақстанның бірнеше ірі шаһарында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болатынын болжап отыр. Бұл факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жексенбі күні ауаның ластануы келесі қалаларда байқалуы мүмкін: Астана және Алматы; Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған; Қостанай, Павлодар және Ақтөбе.
Бұл – әлсіз жел, тұман немесе инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде шаң-тозаң ауада таралмай, жер бетіне жақын қабатта жиналып, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Дәрігерлер мен синоптиктер қала тұрғындарына келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
1. Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеу керек.
2. Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар жандарға қажетті дәрі-дәрмектерін жанында ұстау маңызды.
3. Ашық аспан астында физикалық белсенділіктен бас тартып, жаттығуларды жабық спорт кешендерінде өткізген жөн.