Алатау қаласының мәртебесі жайлы Конституциялық заңды талқылайтын комиссия құрылды

Автор: Аягөз Құрмаш

Комиссия заң жобасын екінші оқылымда талқылайды 

Фото: gov.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының мәртебесі жайлы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенаттан қатысып отырған 47 депутаттың бәрі қолдады – 47. Мәжілістен қатысқан 87 депутаттан 86-сы қолдады, 1 депутат қалыс қалды. 

Сенат депутаты Серік Шайдаров Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы Конституциялық заңының жобасы бойынша палаталардың әрқайсысы өз отырыстарында бірлескен комиссияның құрамына ұсыныстарын білдіргенін айтты. 

«Осыған байланысты бірлескен комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің келесі депутаттарын ұсынамыз:

  • Сабильянов Нұртай Салихұлы
  • Шайдаров Серік Жаманқұлы
  • Евгений Андреевич Больгерт
  • Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы
  • Орынбеков Бекболат Серікбекұлы
  • Құспан Абзал Темірғалиұлы

Бірлескен комиссияның төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильяновты ұсынамыз»,- деді ол. 

Осылайша комиссия төрағасы болып Нұртай Сабильянов таңдалды. 

Тегтер: