Miami Open: қазақстандық екі теннисші екінші айналымда кездесетін болды

Автор: Асыл Арман

Путинцева индонезиялық қарсыласынан басым түсті

Фото: instagram.com/yulia_putintseva

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева WTA-1000 санатындағы Miami Open турнирін сәтті бастап, екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Индонезия өкілі Джанине Ченге қарсы матчта ол үш сетте жеңіске жетті – 3:6, 6:3, 6:4. Кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды. Ойын барысында Путинцева екі эйс орындады, ал оның қарсыласы 12 эйс жасап, тоғыз рет қос қателікке жол берді.

Турнирдің екінші айналымында Путинцева тағы бір отандасымыз Елена Рыбакинамен кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина Майами турнирінің финалында қатарынан екі жыл ойнаған. 2023 жылы ол чех теннисшісі Петра Квитоваға 6:7 (14:16), 2:6 есебімен жол берсе, 2024 жылы америкалық Дэниэль Коллинзқа 5:7, 3:6 есебімен жеңілген.