Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Автор: Асыл Арман

Тараз қаласының тұрғыны өзін бопсалағаны туралы арыз жазған

Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысында өзін қоғамдық белсенді ретінде таныстырған азамат әлеуметтік желіде компромат жариялаймын деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының Полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзіне бопсалау жасалғаны туралы арызбен жүгінді.

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін алынған ақшаны беру кезіндегі қылмыс үстінде ұсталды», – делінген ПД хабарламасында.

Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды осындай деректер анықталған жағдайда дереу полицияға жүгінуге шақырады.