Ел бойынша 600-ден астам нысан тексеріліп жатыр, бірқатары лицензиядан өз еркімен бас тартқан
Қазақстанда стоматологиялық клиникаларға қатысты жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде ондаған медициналық мекеменің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 19 наурыздағы мәліметінше, тексеру тізіміне жалпы 622 стоматологиялық клиника енгізілген. Қазіргі уақытқа дейін олардың 392-сі қамтылған.
Жүргізілген бақылау барысында 103 клиникада заңбұзушылықтар анықталмаған. Ал қалған нысандарда түрлі кемшіліктер тіркеліп, жедел шаралар қабылданды.
Нәтижесінде 174 стоматологиялық клиниканың қызметі тоқтатылды. Оның ішінде 56 мекеме медициналық қызмет көрсетуге берілген лицензиясын өз еркімен қайтарған.
Ведомство дерегінше, жекелеген жағдайларда клиникалардың жұмысы 30-дан 90 күнге дейін уақытша тоқтатылған. Сонымен қатар, кейбір медициналық қызметкерлер 30 күнге дейін кәсіби қызметінен шеттетілген.