Қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік өлімі: қылмыстық іс тергеліп жатыр
Қайғылы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Батыс Қазақстан облысында қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеуніктің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2026 жылғы 25 ақпанда күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. 2026 жылғы 11 наурызда денсаулығының нашарлауына байланысты Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған бауырдың токсикалық зақымдануы, бауыр некрозы, инсулинге тәуелсіз қант диабеті және кетоацидоз диагнозы қойылды. 2026 жылғы 16 наурызда сағат 18.10-да есін жимастан көз жұмды. Өлім фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында шенеунік қыз баланы зорлады деген күдікке ілінген. Алдын ала мәліметке сәйкес, жәбірленуші қыздың әкесі полицияға жүгінген. Оның айтуынша, 2 қаңтар күні ер адам оның кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне шақырып, оған зорлық жасаған.
Алайда 24 ақпанда 16 жастағы қыз бен оның анасы күдіктіге ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, олардың арасындағы қатынас өзара келісіммен болғанын мәлімдегені туралы ақпарат тарады.
13 наурызда шенеуніктің ақыры ұсталғаны белгілі болды.
Сондай-ақ жуырда бұрынғы шенеунік Орал қаласындағы тергеу изоляторында көз жұмғаны белгілі болды.