18.03.2026, 17:17
Жаңалықтар
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды
Отбасы құқықтарын қорғауға арналған жаңа институт жұмысын бастайды
Фото: Ақорда
Ақорда Қазақстанда Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғауды күшейту, отбасы институтын нығайту және мемлекеттік отбасылық саясатты жетілдіру мақсатында президент қаулысы жарияланды.
- Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты (бұдан әрі – Уәкіл) құрылсын, ол өз қызметін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрамында төрағаның орынбасары ретінде қоғамдық негізде жүзеге асырады.
- Уәкілдің негізгі мақсаттары отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды күшейту, отбасы институтын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық және демографиялық саясатты жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына жәрдемдесу болып белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
- Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көп оқылған
02.08.2026, 18:00
Оралдағы жол апаты: 4 қызын жалғыз өсіріп отырған әке қаза тапты
02.08.2026, 06:37
АҚШ Иранға салмағы бір тоннаға жуық авиабомба тастады
02.08.2026, 07:19
Жаңбыр, найзағай: 2 тамызға арналған ауа райы болжамы
02.08.2026, 15:35
Ақталмақ болған Шалқардың бұрынғы әкімі алаяққа 4 миллион теңге берген
02.08.2026, 11:08
Алматыда ондаған түйіншек есірткісі бар күдікті ұсталды (ВИДЕО)
02.08.2026, 08:21
Жібек Құламбаева Испаниядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды