Қазақстан мен Аустрия арасындағы реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісім күшіне енді

Автор: Асыл Арман

Ақорда арнайы хабарлама жариялады

Фото: Ақорда

Ақорда Қазақстан мен Аустрия арасындағы реадмиссия және транзиттеу туралы келісім күшіне енгенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.