Қазақстанда биоресурстарды шетелге сатып келген трансұлттық топ ұсталды

Автор: Асыл Арман

Трансұлттық биоресурстар контрабандасының жолы кесілді

Фото: istockphoto.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратура органдарымен бірлесіп, стратегиялық биоресурстарды заңсыз шығарумен айналысқан трансұлттық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстық топ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өндірілген өнімді сатып алу, өңдеу және сақтаумен айналысқан. Кейіннен тауарды алмастырып, Қырғызстаннан шыққан деген жалған құжаттар рәсімдеу арқылы шекара асырып отырған.

Кеден арқылы 88 тонна артемия цистасы заңсыз өткізілген. Мемлекетке 142 млн теңгеден астам шығын келтірілді, қазіргі уақытта ол толықтай өтелді.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.