Қазақстанда жүргізушілер автобандармен 11,5 млн-нан астам рет жүріп өтті

Қазақстанда жалпы ұзындығы 4 883 км 26 ақылы жол бар

Қазақстанда жүргізушілер автобандармен 11,5 млн-нан астам рет жүріп өтті
Фото: Көлік министрлігі

Қазақстанда жыл басынан бері көлік жүргізушілер еліміздің ақылы жолдары арқылы 11,5 млн-нан астам рет жүріп өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Қазақстанда жалпы ұзындығы 4 883 км 26 ақылы учаске жұмыс істейді, оның ішінде: ұзындығы 2 231 км 1 техникалық санаттағы 12 учаске, ұзындығы 2 652 км 2 және 3 техникалық санаттағы 14 учаске.

Төменде ақылы жолдар бойынша тізім ұсынылған:

  1. Алматы – Қонаев (1,75 млн);
  2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы (1,6 млн);
  3. Шымкент – Тараз (1,04 млн);
  4. Тараз – Қайнар (857 мың);
  5. Шымкент – Қызылорда (790 мың);
  6. Қонаев – Талдықорған (594 мың);
  7. Астана – Теміртау (513 мың);
  8. Астана – Щучинск (463 мың);
  9. Алматы – Қорғас (438 мың);
  10. Қостанай – Денисовка (408 мың);
  11. Тараз қаласының айналма жолы (398 мың);
  12. Астана – Павлодар (347 мың);
  13. Щучинск – Көкшетау (332 мың);
  14. Көкшетау – Петропавл (284 мың);
  15. Қызылорда – Арал (266 мың);
  16. Балқаш – Бурылбайтал (227 мың);
  17. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор) (226,6 мың);
  18. Павлодар – Семей – Қалбатау (177 мың);
  19. Қостанай – РФ шекарасы (Троицк) (145 мың);
  20. Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (138 мың);
  21. Шу – Бурылбайтал (128 мың);
  22. Қандыағаш – Мақат (123 мың);
  23. Орал – РФ шекарасы (Самара) (114 мың);
  24. Орал – РФ шекарасы (Саратов) (90 мың);
  25. Үшарал-Достық (49 мың);
  26. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) (25 мың).