Қазақстанның төрт облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 17 наурыз кешінен бастап республикалық маңызы бар автожолдардың бірқатар учаскелерінде қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖолдың» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Кейбір тасжолдарда шектеу көліктің барлық түріне қатысты болса, жекелеген бағыттарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына ғана тыйым салынды. Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз таңертең.
Қостанай облысы
Сағат 19:30-дан бастап жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 8–218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьское кенті аралығы);
- Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолының 555–682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті аралығы);
- Қостанай – Мамлютка автожолының 250–403 шақырымы (Тобыл қаласы – Ұзынкөл кенті аралығы).
Сағат 19:30-да көліктің барлық түріне шектеу енгізілді:
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 320–501 шақырымы (Бестөбе кенті – Рудный қаласы аралығы).
Сағат 21:00-де көліктің барлық түріне шектеу енгізілді:
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолының 8–218 шақырымы (Тобыл қаласы – Октябрьское кенті аралығы);
- Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолының 555–682 шақырымы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті аралығы).
Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.
Ақтөбе облысы
Сағат 19:00-де жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:
- РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 776–1153 шақырымы («Эко Ойл» жанармай бекеті – Ырғыз кенті аралығы);
- РФ шекарасы (Құрманғазы өткізу пункті) – Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау автожолының 104–250 шақырымы (Қандыағаш қаласы – Қарауылкелді кенті аралығы).
Сағат 21:30-да жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:
- РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 1153–1240 шақырымы (Ырғыз кенті – Қызылорда облысының шекарасы аралығы).
Сағат 22:00-де жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:
- Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 526–710 шақырымы (Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Құрмасай кенті аралығы).
Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.
Қызылорда облысы
Сағат 21:30-да жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:
- РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 1240–1362 шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы аралығы).
Жолдың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.
Батыс Қазақстан облысы
Сағат 22:00-де жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:
- Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы автожолының 393–526 шақырымы (Жымпиты кенті – Ақтөбе облысының шекарасы аралығы).
Жолдардың шамамен ашылатын уақыты – 18 наурыз сағат 09:00.