Ұлттық банктің 17 наурызға арналған ресми бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 479,02 теңгені құрап, 6,59 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 17 наурызға арналған ресми бағамы – 486,2 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 479,25 теңге, сату бағамы – 482,09 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 476,1 теңгеден сатып алып, 483,1 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкентте долларды орта есеппен 479,97 теңгеден сатып алып, 482,12 теңгеден сатуда.