Ақмола облысында екі компания жүздеген қызметкеріне жалақы төлемей, ондаған млн теңге үнемдемек болған

Автор: Асыл Арман

Біржан сал ауданында іске прокуратура өкілдері араласты

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысының Біржан сал ауданында «Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС және «Степняк-су» ШЖҚ МКК-нің 350 жұмыскеріне өткен жылдың желтоқсан айы үшін жалақы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қадағалау органының араласуынан кейін прокурорлық актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде 60 млн теңгеден астам берешек толық өтелді, ал кәсіпорындардың басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, прокуратураның үйлестіруімен аталған кәсіпорындар тарапынан мемлекет кірісіне салықтар бойынша берешек пен өсімпұлдың 2 млн теңгеден астам сомасы өндірілді.

«Азаматтардың конституциялық құқықтарын және қоғам мүдделерін қорғау өңір прокуратурасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып қала береді», – делінген хабарламада.