Атырауда теміржол өткелінен өтіп бара жатқан жеңіл көлік пен тепловоз соқтығысты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның видеосы жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Атырауда теміржол өткелінен өтіп бара жатқан жеңіл көлік пен тепловоз соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, 17 наурызға қараған түні шамамен сағат 00:20-де Атырау – Дамба автожолы бойындағы жанармай құю бекеті маңындағы теміржол өткелінде пойыздың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тепловоз Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан. Көлікті 2000 жылы туған жүргізуші басқарған. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта полицейлер материалдар жинап, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.