Алматыда бұрын сотталған азаматтан бірнеше қару тәркіленді
Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды
Алматыда арнайы операция барысында полиция заңсыз айналымда жүрген қару-жарақтар тәркіледі. Бүгін Медеу ауданындағы «Думан» ықшам ауданында патрульдік полицияның көзіне түскен күдіктіден пышақ табылған. Оның 1992 жылы туған азамат екені анықталады. Тінту барысында күдіктінің басқаруындағы «Ауди» автокөлігінен он екінші калибрлі екі аңшы мылтығы, ұңғымалы қарумен бірге 15 оқ-дәрі табылған. Полиция тәркіленген қару-жарақты сот баллистикалық сараптамаға жөнелткен. Сарапшылар бейбіт күнде бұл қарулардың қандай мақсатта пайдаланылып жатқанын анықтайтын болады.
Құрықталған азаматтың бұрын бопсалау бабы бойынша сотталғаны анықталды. Оның көлігінен табылған қарулардың қандайда бір қылмыстарға қатыстылығы анықталатын болады, дейді Қалалық полиция департаментінің криминалдық басқарма басшысы Жанболат Зиадин. Бұл факт бойынша тергеу ҚР ҚК 287 бабы 3 бөлімімен жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Ришат Асқарбекұлы, Алматы