«Отбасы банк» мерекелік күндері жүйе жұмыс істемейтінін ескертті
Наурыз мерекесіне байланысты «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ипотекаға өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Отбасы банк» мәліметінше, 21–25 наурыз аралығында елдегі мерекелік демалыс күндеріне байланысты бағдарлама аясында жаңа өтініштер қабылданбайды.
Банк дерегіне сәйкес, өтініштерді тек жұмыс күндері 9:00-ден 21:00-ге дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында жолдауға болады.
Қаржы ұйымы азаматтарға өтініш беруді алдын ала жоспарлап, оны жұмыс күндері рәсімдеуге кеңес беріп отыр. Бұл әсіресе бағдарламамен алғаш рет қатысатын азаматтар үшін маңызды.
Банктің түсіндіруінше, өтінішті дұрыс әрі тез толтыру үшін арнайы нұсқаулық дайындалған. Онда бағдарламаға қатысу тәртібі мен өтінім беру кезеңдері егжей-тегжейлі көрсетілген.
Осылайша, мерекелік демалыс аяқталғаннан кейін «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау қайта жалғасады.