$ 486.2  557.82  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада зейнет жасына жақындаған бірқатар мұғалімнің құқығы тапталып келген

Оларға әлеуметтік төлемдер төленбей келген

Астанада зейнет жасына жақындаған бірқатар мұғалімнің құқығы тапталып келген
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасы білім беру ұйымдарының бірінде қызметкерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады. Талдау барысында төрт қызметкерге ұзақ уақыт бойы әлеуметтік аударымдар жүргізілмегені белгілі болды. Бұған олардың қателесіп жасына байланысты зейнеткерлер қатарына жатқызылуы себеп болған. Алайда аталған қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

Нәтижесінде 2023-2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметкерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалмаған.

«Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылды: қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, 909 936 теңге көлемінде әлеуметтік аударымдар төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының сақталуы прокуратураның тұрақты бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.