Оқиғаға қатысты ІІМ ресми мәлімдеме жасады
Астана қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен бозбала Шымкенттен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«16 наурыз күні жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде із-түссіз жоғалған жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, туыстарына тапсырылды», – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Ішкі істер министрлігінің түгел құрамы Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздеп жатқаны хабарланған.