16.03.2026, 11:47
Оқиғалар
Қара күрте, қара шалбар, қара аяқ киім киген: ішкі істер министрлігі Астанада 15 жастағы баланы іздеп жатыр
Жасөспірім 15 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған
Фото: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігінің түгел құрамы Астанада жоғалып кеткен 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бала кеше, 15 наурыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Ішкі істер министрлігі 15 жастағы Қамбар Мәлібек Бахтиярұлын іздеп жатыр. Жасөспірім 15 наурыз күні Астана қаласындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның бойы 160-165 см, орта денелі. Жоғалған күні қара күртеше, қара шалбар, қара аяқ киім киген», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді 8-775-817-16-32, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына шұғыл хабарлауын сұрайды.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды