Тоқаев туризм мен балалар спортын дамытуға арналған заңға қол қойды

Автор: Асыл Арман

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы туризм саласын дамыту және балалар спортын қолдауға бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.