16.03.2026, 16:11
Жаңалықтар
Атырауда мектеп мұғалімін күйеуі асқан жауыздықпен өлтірді
Қайғылы оқиға 16 наурызға қараған түні болды
Фото: istockphoto.com
Атырауда мектеп мұғалімін күйеуі пышақтап өлтіргені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 16 наурызға қараған түні болған. Полицияға шамамен сағат 03:30-да тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әйелді 62 жастағы күйеуі өлтірген.
«Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды