Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды
Қазақстандық дзюдошылар Варшавада (Польша) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандастарымыз бұл жарыста бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақта қос қазақстандық балуан Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Үмітәлиев финалда кездесті. Нәтижесінде Тоқтар Үмітәлиев жарыс жеңімпазы атанды.
Ал Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды.