16.03.2026, 10:38
Жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңірінде республикалық тасжолдар жабылып қалды
«ҚазАвтоЖол» ресми мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 16 наурыз күні сағат 10:30-дағы жағдай бойынша екі облыстағы үш республикалық автожол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда, уақытша шектеулер мына учаскелерде енгізілді:
Ақтөбе облысында:
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 89-234-шақырымы аралығы (Т.Жүргенов ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін);
- РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы автожолының 776-1153-шақырымы аралығы («ЭКО Ойл» жанармай құю бекетінен Ырғыз ауылына дейін).
Қостанай облысында:
- Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолының 234-549-шақырымы аралығы (Ақтөбе облысының шекарасынан Қостанай қаласына дейін).
Қазіргі уақытта жолдарды күтіп-ұстау жұмысына 843 арнайы техника жұмылдырылған.
Көп оқылған
18.09.2026, 06:30
Ақтауда барда демалып отырған ер адамға оқ атқан: қылмыскер бес жыл арқалап кетті (ВИДЕО)
18.09.2026, 11:55
«Бәріне ортақ лифтіні меншіктеп алған»: Астанада 78 жастағы қария «Әділет» партиясына жүгініп, мәселесін шешті
18.09.2026, 09:59
Көшеде тұрған бозбаланы атып, өлтіріп кеткен: Түркістанда алты адам ұзақ жылға сотталып кетті
18.09.2026, 11:50
Қазақстан тарихында ең ыстық жаз биыл болды