«Қоғамдық саясат институты» жүргізген exit-poll: дауыс бергендердің 88,6 %-ы қолдаған

Автор: Мөлдір Қазыбай

«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама нәтижесі жарияланды

Фото: Әсет Құндақбаев

«AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты жүргізген exit-poll нәтижесіне сәйкес, республикалық референдумға қатысып, дауыс берген азаматтардың 88,6 %-ы Жаңа Конституцияны қолдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зерттеу мәліметінше, сауалнама дауыс беру учаскелерінен шыққан азаматтар арасында жүргізілген. Exit-poll нәтижелері референдумға қатысқан тұрғындардың басым бөлігі ұсынылған конституциялық өзгерістерді қолдағанын көрсетіп отыр.

Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, кешкі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге 9 126 850 азамат қатысқан. Ел бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 461 796 адамды құрайды. Алдын ала есепке сәйкес, жалпы қатысу деңгейі 73,24% болды.