$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы үш күнде мегаполистерде ауа райы қандай болады

Елордада түнде аяз сақталады

Алдағы үш күнде мегаполистерде ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласында алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болатынын жариялады. Елордада түнде аяз сақталса, оңтүстік өңірлерде нағыз көктемгі жылылық пен жауын-шашын күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елордада алдағы күндері жауын-шашын біртіндеп тоқтап, бірақ түнгі уақытта термометр бағаны төмендейді:

16 наурыз: Көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Температура түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.

17 наурыз: Жауын-шашынсыз. Түнде суытып, -7...-9°C болады, күндіз +1...+3°C жылы.

18 наурыз: Түнгі аяз -8...-10°C дейін жетеді, күндіз күн шуақты, +1...+3°C шамасында.

Алматыда апта басы жауын-шашынсыз, біртіндеп жылынумен сипатталады:

16 наурыз: Түнде -1...-3°C, күндіз +6...+8°C.

17 наурыз: Күндіз ауа температурасы +8...+10°C-қа дейін көтеріледі.

18 наурыз: Күн жылынып, +10...+12°C болады, бірақ жел күшейіп, көшпелі бұлт болады деп күтілуде.

Шымкентте нағыз көктемгі ауа райы орнайды, алайда үшінші күні күн райы бұзылуы мүмкін:

16 наурыз: Күндіз +13...+15°C, таңертең тұман мен екпінді жел күтіледі.

17 наурыз: Ауа райы тағы жылынып, +15...+17°C көрсетеді.

18 наурыз: Күндіз жылылық сақталғанымен (+15...+17°C), жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда.