$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жағдай тұрақты бақылауда»: ІІМ референдумдағы қоғамдық тәртіп туралы мәлімдеме жасады

Ол өз сөзінде қоғамдық тәртіп еш жерде өрескел бұзылмағанын тілге тиек етті

«Жағдай тұрақты бақылауда»: ІІМ референдумдағы қоғамдық тәртіп туралы мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жаңа Конституция бойынша референдум барысындағы жағдайдан хабардар етті, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Еліміздегі жағдай тұрақты. Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастыруда. Қалалардағы көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдай тұрақты түрде бақылауда және бұл бақылау ІІМ-нің жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары арқылы да жүріп жатыр», – дейді Шыңғыс Әлекешев.

Ол өз сөзінде қоғамдық тәртіп еш жерде өрескел бұзылмағанын тілге тиек етті.

«Азаматтардан немесе сайлау коммиссияларынан түскен кез келген өтініш бойынша полиция қызметкерлері жедел әрекет етуде. Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Полиция дауыс беру толық аяқталғанға дейін қызметін жалғастырады. Негізгі мақсат – азаматтардың қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету», – дейді ІІМ-нің ресми өкілі.