Шорт-тректен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы күні жүлдесіз қалды

Автор: Дәулет Ботагөз

Жарыс Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатыр

Фото: ҰОК

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер мен әйелдер арасында бірнеше қашықтық бойынша жеңімпаздар анықталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар бұл жолы тұғырдан көріне алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазақстан құрамасының көшбасшылары 500 және 1500 метрлік қашықтықтарда бақ сынады:

500 метр: бұл қашықтықта ең жақсы нәтижені Абзал Әжғалиев көрсетті. Ол ширек финалға дейін жеткенімен, одан әрі өте алмады. Ал әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Денис Никиша іріктеу кезеңінде ереже бұзғаны үшін пенальти алып, жарыс жолынан шығып қалды.

Жеңімпаздар: Алтын – Стивен Дюбуа (Канада), күміс – Йенс ван'т Ваут (Нидерланды), қола – Фуркан Акар (Түркия).

1500 метр: Қазақстандық спортшылар іріктеу кезеңінен өте алмады. Бұл сында оңтүстіккореялық Рим Чжон Гун әлем чемпионы атанды.

Әйелдер арасындағы 1000 метрлік қашықтықта ел намысын Алина Әжғалиева қорғады. Ол ширек финалда жарысты тоқтатты. Бұл қашықтықта кореялық Ким Гил Ли алтынға қол жеткізді.

Әйелдер эстафетасының қорытындысы:

1. Нидерланды (Алтын)

2. Италия (Күміс)

3. Қытай (Қола)

Айта кетейік, әлем чемпионаты жалғасуда. Алдағы күндері спортшыларымыз басқа қашықтықтар мен эстафеталық жарыстарда бақ сынайды.