Әрбір азық-түлік себетінің салмағы – 25 кг
Астана қаласында 15 наурыз күні «Наурызнаманың» онкүндігі аясында Қайырымдылық күніне орай жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, демеушілердің қолдауымен «Астана Жастары» еріктілерінің қатысуымен қайырымдылық акциясын өткізді.
Акция аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған және қиын материалдық жағдайда қалған 250 отбасыға азық-түлік жиынтықтары таратылды. Онда әр отбасыға салмағы 25 кг болатын жиынтық табысталады. Оның құрамына: күріш, қарақұмық, ұн, макарон өнімдері, өсімдік майы, қант, шай және әртүрлі жарма түрлері бар.