$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сыртқы істер министрі қазақстандықтар үшін қауіпсіз туристік бағыттарды атады

Министр бірнеше танымал өңірді атап өтті

Сыртқы істер министрі қазақстандықтар үшін қауіпсіз туристік бағыттарды атады
Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев отандастарымыз үшін қауіпсіз туристік бағыттарды атады. Бұл туралы министр республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министр Қазақстанның ішінде демалуға болатын бірнеше танымал өңірді атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің табиғаты шетелдік курорттардан кем түспейді.

  • Каспий теңізі мен Бурабай елді мекені;
  • Қарқаралы мен Алматының таулы өлкелері;
  • Шығыс Қазақстан облысының әсем табиғаты.

Ермек Көшербаев өткен жылы Катонқарағайда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалін мысалға келтірді. 

«Төрт күннің ішінде өңірге 10 мыңға жуық қонақ келді. Қонақүйлер аз болғандықтан, жергілікті тұрғындар үйлерін тәулігіне 100 мың теңгеге дейін жалға берді. Бұл ауыл халқы үшін жақсы табыс көзі әрі үлкен тәжірибе болды», — деді министр.

СІМ басшысы Таяу Шығыстағы шиеленіске қарамастан, қазақстандықтар үшін ашық әрі қауіпсіз болып қала беретін мемлекеттерді атап өтті. Олардың қатарында:

1. Түркия;

2. Таиланд;

3. Вьетнам;

4. Мальдив аралдары бар.