$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстауда «Теміржолшылар династиясы» референдумда дауыс берді

Бұл отбасы – еңбекқорлық пен бірліктің үлгісі саналатын теміржолшылар династиясы

Маңғыстауда «Теміржолшылар династиясы» референдумда дауыс берді
Фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы – Мұнайлы ауданындағы Қисановтар әулеті референдум учаскесіне келіп, отбасымен бірге өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Теміржол саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан Қисановтар әулеті – еңбекқорлық пен бірліктің үлгісі саналатын теміржолшылар династиясы. Отбасы мүшелері ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

Қисановтар отбасының айтуынша, әрбір азаматтың ел дамуына үлес қосуы – маңызды. Сондықтан, олар референдумға қатысуды азаматтық борыш деп санайды. Қисановтар отбасының бұл қадамы – жас ұрпаққа үлгі боларлық азаматтық белсенділіктің көрінісі.