Министр бірнеше танымал өңірді атап өтті
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев отандастарымыз үшін қауіпсіз туристік бағыттарды атады. Бұл туралы министр республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министр Қазақстанның ішінде демалуға болатын бірнеше танымал өңірді атап өтті. Оның айтуынша, еліміздің табиғаты шетелдік курорттардан кем түспейді.
Ермек Көшербаев өткен жылы Катонқарағайда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалін мысалға келтірді.
«Төрт күннің ішінде өңірге 10 мыңға жуық қонақ келді. Қонақүйлер аз болғандықтан, жергілікті тұрғындар үйлерін тәулігіне 100 мың теңгеге дейін жалға берді. Бұл ауыл халқы үшін жақсы табыс көзі әрі үлкен тәжірибе болды», — деді министр.
СІМ басшысы Таяу Шығыстағы шиеленіске қарамастан, қазақстандықтар үшін ашық әрі қауіпсіз болып қала беретін мемлекеттерді атап өтті. Олардың қатарында:
1. Түркия;
2. Таиланд;
3. Вьетнам;
4. Мальдив аралдары бар.