Қазір дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр
Бас прокуратураның өкілдері тікелей эфирде референдумның заңдылығына қатысты тың мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы басшысы Бекжан Қарамановтың айтуынша, қазіргі уақытта дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп жатыр.
«Прокуратура органдарына референдумға қатысты ешқандай өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ сот органдарына да талап-арыздар енген жоқ. Дәл қазіргі сәтке дейін заңсыз сауалнама жүргізу немесе үгіт жасау фактілері тіркелген жоқ», - деді Бекжан Қараманов.
Ол қадағалау жұмысы жалғасатынын атап өтті.
«Қадағалауды қамтамасыз етуді әрі қарай жалғастырамыз», - деді басқарма басшысы.