Референдум учаскелеріндегі ахуал тұрақты әрі тыныш – Ішкі істер министрлігі

Автор: Аягөз Құрмаш

Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

Фото: видеодан скриншот

«Референдум-2026» онлайн-марафонында ішкі істер министрінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев референдум учаскелеріндегі жағдай тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір ішкі істер органдары референдумның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, барлық жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Кез келген жағдайға жедел әрекет ету үшін әр қала мен аудандық полиция бөлімдерінде мобильді жедел-тергеу топтары құрылған. Сонымен қатар референдум учаскелерінің маңындағы аумақтарда бақылау мен қадағалау күшейтілді», - деді ресми өкіл.

Ол атағандай, ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталықтарына қосылған бейнекамералар арқылы жағдай тұрақты түрде бақыланып отыр. Министрліктің барлық қызметтері кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын.

«Қазір референдум учаскелеріндегі ахуал тұрақты әрі тыныш. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ. Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда», - деді ол.