Олар астаналықтарға керемет көңіл-күй сыйлады
Астана қаласында робот пен барыс қала көшелерін аралап, референдумға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін елорда тұрғындары ерекше перформанстың куәсі болды: республикалық референдум күні қала көшелері бойымен ең технологиялық әрі сүйкімді қонақтар – робот пен Әділет есімді барыс жүріп өтті.
«Бұл жарқын кейіпкерлер тек жүргіншілерге ғана емес, барлық астаналыққа керемет көңіл-күй сыйлады», – деп жазды Астана қаласының Коммуникациялар қызметі.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбедегі референдум учаскесінде тұсау кесу рәсімі салтанатты түрде өткізілді.