Түркістан облысындағы референдум учаскесінде саяси науқан қарқынды жүріп жатыр
Түркістан облысында референдум учаскесінде саяси науқан қарқынды жалғасып жатыр. «AMANAT» партиясынан бақылаушы болып отырған Қуаныш Есбергеновтің айтуынша, таң сәріден бері тұрғындар белсенді келіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Созақ ауданындағы №696 дауыс беру учаскесінде референдум барысын қадағалап отырмын. Қазіргі уақытта жұмыс қызып жатыр. Тұрғындардың белсенділігі жоғары. Азаматтардың ел ертеңіне деген жауапкершілікті терең сезінетінін анық байқауға болады. Бақылаушы ретінде айтарым, ұйымдастыру жұмыстары өте сапалы жүргізілген. Дауыс беру заң шеңберінде, ашық әрі әділ өтуде. Әрбір азамат өз таңдауын еркін жасап жатыр», - деді ол.
Қуаныш Есбергенов процестің ашықтығы мен әділдігін жіті бақылап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, учаскедегі ахуал тұрақты, заңбұзушылық тіркелмеген.