Ұлттық ұланның бас қолбасшысы референдумда дауыс берді

Автор: Асыл Арман

Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімінде 36 сайлау учаскесі ашылған

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Генерал-майор Аңсаған Балтабеков №266 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімінде 36 сайлау учаскесі ашылған. Бұл ұландықтар мен олардың отбасы мүшелеріне конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.