«Ауылдың тең жартысы дауыс беріп үлгерді»: бақылаушы ШҚО-дағы ауылдардың белсенділігі жайлы айтты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ауылда 600 тұрғын тұрады

Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Кожохово ауылында дауыс берушілердің белсенділігі жайлы 493-дауыс беру учаскесінің «AMANAT» партиясы атынан бақылаушы болып отырған Айжан Дүйсенбина айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ең алғашқы сайлаушы дауыс беру учаскесіне таңғы сағат 06:50-де келді. Дауыс беру басталғанға дейін ол учаскеде болып, өз таңдауын жасауға дайын тұрған. Сондай-ақ бүгін 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқығын пайдаланған жастар да болды. Олар азаматтық міндетін орындап, елдің болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.Жалпы, сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Таңғы уақыттан бастап-ақ тұрғындар учаскелерге келіп, референдумға қатысып жатыр. Дауыс беру үдерісі қалыпты жағдайда өтіп жатыр, әзірге ешқандай ерекше жағдайлар немесе заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Барлық учаскелерде тәртіп сақталып, комиссия мүшелері өз жұмыстарын ұйымдасқан түрде жүргізіп жатыр», - дейді Дүйсенбина.

Бақылаушының айтуынша, Кожохово ауылында 600-ге жуық адам тұрады. Оның 250-300 адамы дауы беріп үлгерген.

«Ал белгілі жағдайларға байланысты үйлерінен шыға алмайтын тұрғындарға көшпелі учаске ұйымдастырылп, үйден дауыс беру мүмкіндік жасалды», - деді ол.

Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды. Бүкіл республика бойынша 10 323 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бүгін 12,2 миллионнан астам қазақстандық өз таңдауын жасай алады.