«Учаске ашыла сала дауыс беруге келгендер бар»: Абай облысында дауыс беру қалай өтіп жатыр

Автор: Аягөз Құрмаш

Бақылаушы ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары дейді

Фото: ӨРК

Өңірлерде референдум учаскелерінде тұрғындар белсенді дауыс беруге қатысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысы Шар қаласы Көшек ауылының 339 референдум учаскесінде «AMANAT» партиясы атынан бақылаушы болып отырған Нұргүл Әукенованың айтуынша, ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары.

«Референдум учаскесі таңғы 7:00-ден жұмысына кірісті. Соның ішінде бірден учаске ашылғанда дауыс берген ауыл тұрғыны да бар. Біз оларға кішігірім сыйлықтар да дайындап қойдық. Сондай-ақ ауылымызда кәмелет жасқа енді толып, алғаш рет дауыс берген жастар да тіркелді», - дейді Нұргүл Әукенова.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдум басталды. Бүкіл республика бойынша 10 323 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бүгін 12,2 миллионнан астам қазақстандық өз таңдауын жасай алады.