Премьер-министр ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
Премьер-министр Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олжас Бектенов елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде орналасқан №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Еске салайық, бұған дейін Ерлан Қарин референдумда дауыс бергені туралы жаздық.