АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина жаздың соңында өндіріле бастайды – CNBC

Автор: Azattyq Rýhy

2021 жылдың басында препараттың 300 млн дозасы дайын болады

Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласының өкілдері мен дәрі-дәрмек өндірушілері жаздың соңында коронавирусқа қарсы вакцинаны өндіруге кіріседі, деп хабарлайды CNBC телеарнасы.

«Алдағы төрт-алты апта ішінде коронавирусқа қарсы вакцина шығарыла бастайды. 2021 жылдың басында АҚШ препараттың 300 млн дозасын өндіріп шығарады», - деп жазады телеарна сайты Трамп әкімшілігіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 13 миллионнан, ал АҚШ-та 3,3 миллионнан асты.