КҚК терминалына кірер кезде танкерге шабуыл жасалды: ҚР Энергетика министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді

Автор: Алмас Ерсін

Танкер терминалға кіруге рұқсат күтіп тұрған сәтте «белгісіз нысанның» шабуылына ұшыраған

Фото: Каспий Құбыр Консорциумы

Грекияның «Maran Homer» мұнай танкері Қара теңізде шабуылға ұшырады. Бұл туралы бұған дейін Reuters агенттігі кемені басқаратын Maran Tankers компаниясына сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Агенттік мәліметінше, танкер Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалына кіруге рұқсат күтіп тұрған кезде «белгісіз нысанның» шабуылына тап болған.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Оқиға болған сәтте танкердің бортында қазақстандық мұнай болмаған. Қазақстан Республикасының экспорттық шикізатына шығын келтірілген жоқ», – деді министрдің кеңесшісі, Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікбаева.